«Қайрат» пен «Реал» ойынына кіру құны 400 мың теңгеден асады. Желіде желдей ескен бұл ақпаратты жұрт қазір қызу талқылауда. Тіпті билетті саудаға шығарғандар да бар. Алғандар әлеу желіні дүрліктіріп, атой салуда. Тарихи матчқа кіру билеттері түгел сатылып кеткені рас па? Билет құнын кім белгілеген? Тілшіміз айтады.
Чемпиондар лигасында «Қайрат» әйгілі мадридтік «Реалды» қабылдайды дегеннен бастап жанкүйрелерден ұйқы кеткен. Барлығы матч билеттері қашан сатылымға шығады деп көз тігіп отыр. Алайда әлеуметтік желіде атой салғандар күнен күнге көбейіп келеді. Олар билет сатып алғандарын айтып, сүйіншілеуде. Ал, бағасы 400 мың теңгеден 3млн-ға дейін баратынын айтады.
Алайда,«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билет бағасы әзірге бекітілмеген. Туризм және спорт министрі жұртты дүрлікпеуге шақырды.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
Бүгін халыққа түсіндіру керек. Арнайы жан-жаққа сенбей сол Қайраттың сайтынан қарап, бізде министрліктен жариялап отырамыз. Әрине мына біздің арадағы адамдар билетті сатып алып, екі есе қосу мәселесі бар. Оны да бүгін клубпен министрлікпен ойластырып жатырмыз.
Демек, 30 қыркүйек күні болатын ойынға билет тек ресми сайттарда шығады. Жанкүйерлерге аталмыш платформаларға алдын ала тіркеліп қою ұсынылады, өйткені сатылым күні -әрбір минут маңызды.