$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Астанада «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 білім ошағы ашылды

02.09.2025ж. 19:00
Астанада «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 білім ошағы ашылды

Астанада «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 білім ошағы есігін айқара ашты. Жоба білім сапасының жоғары стандарттарын жаппай енгізуге бағытталған. Мұнда әуелі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Әр оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік бар. Қазір Елордада жоба аясында салынған 23 мектеп жұмыс істейді. Соңғы жылдары «Келешек мектептері» білім алушылар ғана емес, сондай-ақ ұстаздар үшін де зор мүмкіндіктердің алаңына айналды.

АЙСАНА ҚАЙРАТҚЫЗЫ, №110 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

«Келешек мектебін» таңдау себебім – жаңа мектеп, жаңа орта, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл ұстаздарға жан-жақты жұмыс жасауға, кәсіби өсуімізге, өзімізді дамытуымызға үлкен мүмкіндік. "Келешек мектебінің" басты ерекшелігі - әр ұстаздың идеясы құнды. Ұстаздардың бір-бірімен кәсіби тәжірибе алмасуы да жоғары деңгейде.