Павлодарда 1200 орынға арналған су жаңа мектеп ашылды. Білім ошағы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған болатын. Заманауи мектепте оқушыларға қажетті барлық жағдай жасалынған.
Заманауи білім ошағы облыс орталығындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Достық» шағын ауданында орналасқан. Жаңа оқу ордасына 1000-нан астам оқушы қабылданды.
МАДИНА САДЫҚОВА, №48 МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
Бұл мектеп біз үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені, бізге соңғы жыл қалды. Осы мектепте біз үшін барлығы ыңғайлы. Компьютерлік кабинеттердің барлығы бар. Ғимараты үлкен, әдемі, әрі кең болады.
Мектепте оқушылардың жан-жақты білім алып, дамуына барлық жағдай жасалынған. Кабинеттер заманауи құрал-жабджықтармен жабдықталған.
АЙНҰР БЕКБАЕВА, №48 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Мектебіміздің әрбір блогында коворкиг орталықтары орналасқан. коворкиг орталықтарының бір ерекшелігі бұл жерде балалар, оқушылар, ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастыруымызға болады.
Білім ошағының ашылуына Оқу ағарту министрі Ғани Бейсенбаев арнайы қатысты. Ол мектепті аралап көріп, оң бағасын берді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРІ:
Биылғы жылы оқу жылының үлкен жаңалықтарының бірі – жасанды интелектіні білім саласына сапалы енгізу бағында біз қызу жұмыстарды бастап кеттік. Бірінші кезекте әлемдегі барлық жасанды интелекке қатысты тәжірбиені елеп ескере отырып, балалардың әр қайсының жеке даму траекториясына қызмет етуді бағыттап отырмыз.
Жаңа оқу жылында сапалы білімнен бөлек, саналы тәрбие беруге де ден қойылмақ. Осы мақсатта Президентіміздің «Бір тұтас тәрбие», «Адал азамат» қағидаты бойынша арнайы бағдарламалар оқу үдерсіне енгізілді.