Алматы облысының Төлеби ауылында 600-ден аса бала жарты ғасыр бұрын салынған ескі мектепте оқып келген. Тар болғаны сонша тіпті спортзал да жоқ. Сондықтан елдімекенде 2021 жылы жаңа мектептің құрылысы басталды. Алайда заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен бөлінген 1,5 миллиард теңгеге жуық қаражат жетпей, ол тоқтап қалды. Себебі, нысанның жалпы құны 3 миллиард теңгеден асады. Салдарынан жоба жұмысы 4 жылға дейін созбалаңға салынды. Дегенмен, «AMANAT» партиясы облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлгізіп, нәтижесінде 450 орындық білім ордасы жаңа оқу жылында қолданысқа берілді.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «1000 мектеп» бағдарламасы және шетелден қайтқан активтер негізінде салынатын мектептердің қатарына енеді бұл мектеп. Қазір аралап өтіп шықтық. Бастауыш блогтарындағы, жоғары сыныптарға арналған пәндік кабинеттердің бәрі заман талабына сай жабдықталған.