Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаевтың айтуынша, мерзімді әскери қызметке шақыртудан бас тартқаны үшін заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауаптылық көзделген.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 647-бабында әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi 5 айлық есептiк көрсеткiш (19 660 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы кодекстің 648-бабында әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтарғаны үшін әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
-Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде жалтару бір 1000 АЕК-ке дейiнгi (3 млн 932 мың теңге) мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады,-деді Фархат Айдарбаев.
Сондай-ақ, ол әскерге бармау үшін өз денсаулығына қасақана зиян келтiру, «аурумын» деп жалған құжат жасау сияқты әрекеттер қатаң жазаланатынын ескертті.