Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін кейбір қосымша мемлекеттік қолдау шаралары қайта қаралды.
-Егер көпбалалы отбасының тұрмыс деңгейі жоғары болса, яғни отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асса, бұл дегеніміз әр адамға шаққанда 200 мың теңгеден артық деген сөз. Мысалы, 10 адамнан тұратын отбасы жалпы 2 миллион теңге табыс тапса, екі және одан да көп жылжымайтын мүлкі, екі және одан да көп автокөлігі болса, ол жоғары тұрмыс деңгейіндегі отбасы болып саналады. Бұл санаттағы отбасылар, көпбалалы мәртебесіне қарамастан, қосымша қолдау шараларын ала алмайды, — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Сондай-ақ министр кейбір көпбалалы отбасы қағылатын қосымша қолдау шараның аражігін ажыратып берді.
-Мысал, белгілі бір мерекеге орай біржолғы төлем берілмейді. Сол секілді 8 наурызда көпбалалы аналарды құттықтау немесе мектепке қажетті портфель мен басқа да құрал-жабдық беру. Олар енді өздері қамтамасыз етеді. Жалпы көпбалалы ана мәртебесіне байланысты төленетін барлық төлем сол күйінде сақталады, бұрынғыдай ала береді. Мәселен, 10 баласы бар көпбалалы отбасыға берілетін ай сайынғы төлем 120 мың теңгеден астам, яғни әр балаға 15 мың теңге алуды жалғастырады, — деп түсіндірді ведомство басшысы.