Қарағанды көшелерінің бірінде қолына балға ұстап, адамдарға шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ол бейәдеп сөздер айтып, әйелдің автокөлігін әдейі бүлдірген. Облыстық сот дерегінше, сотта зардап шегуші ер адамның бөтен адамдарға шабуыл жасап, өзіне де өлтіремін деп қорқытқанын айтқан.
Мамандандырылған ауданаралық сот ер адамның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу, қорқыту және бөтеннің мүлкін бүлдіру арқылы қылмыстық сипатқа ие екенін анықтады. Осыған байланысты оның үстінен қозғалған әкімшілік іс тоқтатылып, материалдар Қарағанды полициясына жолданады.
Сот мәліметінше, ер адамның әрекеттері ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке жатады. Қазіргі таңда соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.