$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Жапон блогері Венада өзін "қазақпын" деп таныстырды

Жапон блогері Венада өзін "қазақпын" деп таныстырды

Әлеуметтік желілерде танымал полиглот-блогер Юдзи Белеза Венада атыраулық әйел мен оның ұлымен кездесіп, сұхбаттасқан. Бейнежазба көп ұзамай желіде кең таралды.
Әңгіме барысында блогер өзін қазақпын деп таныстырды. Әйел күлімсіреп:

 - Жоқ, сен қазақ емессің. Міне, менің ұлым, бірақ ол қазақша емес, орысша және голландша сөйлейді, – деп жауап берді.


Содан кейін әңгіме голланд тілінде жалғасты. Белеза балаға ескерту жасады:

 -Саған қазақ тілін үйрену керек.


Анасы блогерді қолдап, қазақ тілін білудің маңызды екенін атап өтті.
Сұхбат барысында Юдзи Белеза ұлттық тағамдар туралы да сұрады:

 «Бешбармақ бар ма? Қазақ шоколады бар ма?» – деп әзілдеді ол.

Бұл – шетелде жүрген қандастардың ұлттық асқа деген сағынышын білдіргені еді.

Кейін белгілі болғандай, атыраулық әйелдің ұлы Парижде өткен Олимпиадаға қатысқан.

Бейнежазба 102 мыңнан астам лайк пен 2000-ға жуық пікір жинады. Соның ішінде кейіпкердің ұлы да пікір қалдырды:

«Кездескеніме қуаныштымын! Қазақша сөйлеуді жаттықтырамын».