$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Жасыл түске боялған Жайық өзені жұртты алаңдатып қойды

Жасыл түске боялған Жайық өзені жұртты алаңдатып қойды

Махамбет ауданы Чкалов ауылының тұрғындары Жайық өзеніндегі судың жасыл реңкке енгенін байқаған, деп хабарлайды AtyrauTODAY.

 Бұл ерекше құбылыс түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез таралып, жергілікті халықтың алаңдаушылығын тудырды. Мәселенің мән-жайын Атырау облысы бойынша экология департаменті өкілі Эльнара Оралқызы айтты.

"Сол күні ауыл тұрғындары және Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандарымен бірге оқиға орнына барып, судың түсінің өзгеруіне табиғи балдырлардың гүлдеуі себеп болғанын анықтады. Департамент мамандарымен Жайық суынан сынама алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Қосымша ақпарат қорытынды шыққан соң хабарланады" дейді ол.