$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Қытай көліктері жалған құжатпен әкелінген

Қытай көліктері жалған құжатпен әкелінген

Жалған құжатпен әкелінген 150 млн теңгенің қытай көліктері анықталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

- Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк автомобильдерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды, -делінген хабарламада.

Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.