Абай облысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлік қағып, ол алған жарақатынан көз жұмды.
Полиция дерегінше, рульде жүргізуші куәлігі жоқ 21 жастағы жігіт болған.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлікті тізгіндеген жігіт Аягөз аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оқиға орнында полицейлер қарау жүргізіп, қажетті заттай дәлелдерді жинады, куәгерлерден жауап алды. Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.