$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Екібастұзда қария мен жас бала жоғалып кетті

03.09.2025ж. 08:13
Екібастұзда қария мен жас бала жоғалып кетті

Бұл туралы «Vita» іздеушілер жасағы мәлімдеді, деп Екібастұзда қария мен жас бала жоғалып кетті деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2008 жылы туған Роман Тараскин 21 тамыз күні Кеншілер көшесі, 14-үйден шығып, із-түссіз жоғалған.

– Романның бойы 160 см, орта денелі, қоңыр көзді, шашы ақ сары. Үстінде қою сұр футболка, астында қара джинсы және қара кроссовки бар, – деді еріктілер.һ

Сонымен қатар, 2 қыркүйек күні 1955 жылы туған Талғат Ақпанбаев «Алтын дән» кафесінен шығып, жоғалып кеткен.

 – Қарияның бойы аласа, орта денелі, шашы ақ. Сол жақ бетінде меңі бар, қолында «Талғат» татуировкасы бар. Астында сұр шалбар, үстінде көк пуловер, қоңыр жилет, басында ақ бейсболка және қара кроссовки киген. Дезориентацияланған болуы мүмкін, – дейді «Vita» іздеушілері.

Еріктілер аталған азаматтарды көрген жағдайда немесе қандай да бір ақпаратқа ие болған жағдайда +7 (775) 130 71 16, +7 (778) 295 97 55, +7 (747) 615 55 63 нөмірлеріне немесе «102» қызметіне хабарласуды сұрайды.