Семей қаласы, Селевина көшесінде орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер пәтердің жатын бөлмесінде жиһаздың ағаш конструкциялары, жеке заттар және созылмалы төбенің жанғанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 8 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілердің шұғыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында пәтерден бір адам құтқарылды. Сондай-ақ жалын басқа бөлмелерге таралмай, өрт толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.