Астана қаласы Есіл ауданы, Е-117 көшесінде орналасқан құрылыс алаңында өрт шықты. Екі темір контейнер — қойма мен асүй өртенді.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде жалпы ауданы 65 ш.м. құрайтын өрт толықтай сөндірілді. 3 тұрмыстық газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, жарылыстың алдын алынды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!