$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжілістің тиісті комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:
– «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сайлауды жетілдіру мәселелері жөніндегі ілеспе түзетулер;
– 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы;
– республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы;
– Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
– «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулер;
– Қырғызстанмен және Мароккомен бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобалары.