Сайлаушылармен кездесуде, әлеуметтік желі арқылы азаматтардың басым бөлігі техникалық тексеру процесі көлік құралдарының техникалық жағдайын нақты тексеруге емес, белгілі бір жеке мүдделі құрылымдардың қаржылық пайдасына жұмыс істейтін жүйеге айналғанын алға тартуда. «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға техникалық бақылау жүйесіне қатысты сауал жолдады.
Депутаты ішкі істер министрлігінің деректері де соны дәлелдейді дейді. Мәселен. 2025 жылы тіркелген 12 мың жол апатының төртеуі ғана, ал 2024 жылғы 31 мың апаттың небәрі 17-сі көліктің техникалық ақауынан болған. Демек, жол-көлік аппаттарының басты себебі - жүргізушілердің ереже бұзуы мен жол сапасына тікелей байланысты.
Бүгінде еліміздеағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша6,2 млн көлік бар, оның 4,9 миллионы жыл сайын міндетті техникалық тексеруден өтуі тиіс. 2024 жылы - 3,5 млн байқаудан өтсе, ал 2025 жылы алғашқы тоқсанында 1,5 млн көлік тексерілген. Орташа бағасы 5 мың теңгеден есептегенде, саладағы операторлардың бір жылдық табысы 17 млрд теңгені құрайды. Тексеріс жүйесінің көлеңкелі тұстары да аз емес. Мысалы,2024 жылы 283 заңбұзушылық дерегі анықталып, 8 млн теңге айыппұл салынған. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында тағы 105 хаттама толтырылып, 2,6 млн теңге өндірілген.Мынау жайттар жүйедегі заңбұзушылықтар мен ашықтықтың жеткіліксіздігін дәлелдейді.
Халық жүйенің шынайы қауіпсіздік кепілі емес, мөр басылған қағазға төленетін ақыға айналғанын ашық айтуда. Әсіресе ауылдың шалғай тұрғындары байқау орталықтарының аздығынан жүздеген шақырым жүріп, бір күнін тексеруге арнайды. Халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, көптеген елдерде әлдеқайда тиімді және халық мүддесіне сай шешімін тапқан. Мәселен, Еуропа елдерінің көбінде мұндай тексеріс тек коммерциялық көліктерге немесе ұзақ аралықпен жүргізіледі, – деді депутат.
«AMANAT» партиясы осы саланы әділетті, тиімді және заманауи талаптарға сай ету қажет деп санайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі нақты шараларды қарастыруды ұсынамын:
Бірінші. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын жаңа емес жеңіл автокөліктеріне 2-3 жылда бір рет өткізілетін ашық әрі тиімді міндетті техникалық тексеріс жүйесін енгізу;
Екінші. Техникалық байқаусаласындағы заң бұзушылықтарды құқықтық қорғау органдарымен бірлесіп кешенді тексеру;
Үшінші. Барлық техникалық тексеріс орталықтарын нақты талаптарға сәйкес қайта лицензиялау тәртібін қарастыру қажет.
Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын, – деді депутат.