$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Депутат жалақыны көбейтуді талап етті

Депутат жалақыны көбейтуді талап етті

Бүгін Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеруді талап етті. 

Оның айтуынша, 2024 жылы 53 қызметкер жұмыстан кетсе, 2025 жылдың жарты жылдығында 28 қызметкер қызметтен кеткен.

«Жалақы көтерілмесе жағдай оңалмайды. Бұл бір ғана мысал, еліміздегі барлық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жағдай дәл осындай. Бас қаладағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да бас сұқтым, жұмыскерлердің жағдайы адам аярлықтай. Бір орталыққа 900 ата-әже  қаралады.  Ішінде бала-шағасы тастап кеткен ата-әжелерде бар, оларды көргенде жүрегің қан жылайды. Қамкөңіл қариялардың жағдайын жасайтын әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 110 мың теңге. Салдарынан ол жаққа ешкім жұмысқа бармайды. Бұл еліміздегі барлық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тән жағдай екенін еске саламын», - деді депутат.