$540.05 €629.16 ₽6.65
×

«Операция жасамай, сенделтіп қойды»

AstanaTV
03.09.2025ж. 19:00
«Операция жасамай, сенделтіп қойды»

Ақтөбелік зейнеткер Күлшат Шарифуллинаның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп. Оның туыстары осылай дейді. Қант диабеті диагнозымен 25 жыл күрескен, өзін баптап, күтіп отырған әйел аурухана төсегінде қайтыс болған.  Жақындарының қайғылы жағдайға ақ халаттыларды айыптауына қандай негіз бар? Тілшіміз Жанар Датқызы тараптарды тыңдады. 

Бұл- марқұмның 15 мамыр- отбасы күніне арнап, немересімен бірге түсірген видеосы.  Араға тура екі ай салып зейнеткер ауруханада көз жұмған.   Сәуір айында сол аяғының үлкен башпайы қарайып, емханаға барыпты.  Ақ халаттылар «некроз» диагнозын қойып, қос башпайын кесіп тастаған көрінеді. Алайда ол асқынып, ірің башпайдан жоғары  тарай бастаған.

АЙНҰР ӘМІРЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Түнімен ұйықтамайды, күндіз ұйықтамайды.Қыңсылап, аяғы ауырады. «Жүре алмаймын, аяғымды баса алмаймын» деп. Тағы да хирургке апардық, тағы да АМЦ ға (Ақтөбе медициналық орталығы) жіберді.Сосудистый хирург шықты, мамамды қарады, больницаға жатқызды.Бір саусағын тікті де екінші саусағын ашық қалдырды.

Хирург ашық қалдырған жара жазылмай, шіри бастапты. Аяқтағы ірің бүкіл ағзаға әсер етіп, науқастың жағдайы нашарлаған.   Зейнеткердің жанайқайына қарамай, дәрігерлер аяқты ампутациялаудан бас  тартыпты.

АЙНҰР ӘМІРЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мықты гной, иісі шығып жатыр, трупный иіс шықты, ештеңе берген жоқ. Мен мына үлкен пакетпен барамын, ішінде антибиотик, енді... бастадық қой лечениені. Мен уже өзім сұрадым: «аяғын кесіп жіберіңізші,операция істеңізші» деп. Бәрі айтып жатыр ғой операция істеу керек. «Жоқ, біз сақтаймыз, аяқты сақтаймыз». Ол былай үстінен гной жүрсе ол нені сақтайды?

Дәрігерлер сол күйі операция жасамаған. Тек қайтыс болар күннің алдында туыстарына қоңырау шалып, аяқты жамбастан төмен кесеміз,деп ескертіпті.  Алайда сол түні зейнеткер аурухана төсегінде жан тапсырған.  Екі ай бойы әуе сарсаңға салмай, бірден аяқты ампутациялағанда анамыз тірі қалар ма еді, деп өкінеді балалары.  Ал дәрігерлердің айтар өз уәжі бар. Марқұмның қант диабетінен бөлек күрделі диагноздары көп болды,дейді. 

ӘДІЛБЕК ИСМАЙЛОВ, НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оның ең сорақысы біздің жағдайда тіркелгендей. Ол-полиоргандық жетіспеушілік. Яғни бұл органды мишень деп атайды. Бұл-жүрек,бүйрек, көп жағдайда және мидың зақымдануына байланысты қан айналымы нашарлап осындай асқынуға әкеп соғады.

Марқұмның туыстары қайғыдан ес жияр емес. Кеше ғана отбасының ұйытқысы болып, жарқырап отырған анамыздан айырылып қаламыз деп мүлдем ойламадық дейді.   Прокуратураға арыз жазып, кінәлілердің жазалануын талап етуде.