Алматы облысында екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, қинаған. Полиция ақпаратынша, балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетілген. Жантүршігерлік әрекетті жасаған әйелдер қамауға алынды. Қазір мәселенің мән- жайы анықталып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында, кешенді тергеу басталды.