$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Ауылдасының жылқысын атып тастады

03.09.2025ж. 19:00
Ауылдасының жылқысын атып тастады

Тобыл өңірінде ауылдасының  жылқысын атқан адам іздестіріліп жатыр. Мылтық асынған бейтаныс тапа-тал түсте сауын биені атып, бас терісін сыпырып алып кеткен. Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новойлин ауылының тұрғыны Шоқан Қалабайұлы төрт түлікпен күнелтіп отырғанын айтады. Бие байлап, қымыз баптайды. Бір апта бұрын сауын биесі жоғалып кеткен. Екі күн іздеп, таба алмапты.Сөйтсе ауылдастың жылқысын атып кеткен көрінеді. Бұған дейін жылқыңды көшеге шығарма, көзін құртамыз деген ескертулер болған екен.

ШОҚАН ҚАЛАБАЙҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Үйдің жанынан 300-400 метр жерде екен.Өлігін таптым.Барсам биенің бас терісін пышақпен кесіп оң жағын және көзін алып кеткен. Ауылда жер жоқ.Соның аяғы міне жылқының өліміне әкеп тұр.Жылқыны  атқан.Оны ветврачтың дәлелі бар.Видеосы айтқан.Ішкі істер бөліміне арыз жаздық.

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бөтеннің мүлкін қасақана жою, залал келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.