$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Енді 1 миллион теңгеден асатын несие бірден берілмейді

Енді 1 миллион теңгеден асатын несие бірден берілмейді

Енді банктен 1 миллион теңгеден асатын несие бірден рәсімделмейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа ереже енгізді. "Салқындату кезеңі" деп аталатын бұл талап бойынша, банк 24 сағат күтуге міндетті. Жаңа тәртіп алаяқтармен күресте қаншалықты тиімді болмақ? Тілші тарқатады.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Мына көріп тұрған жазбалардың барлығы алаяқтардың арбауына түскен азаматтардан. Бірі атынан жеті несие рәсімделіп кеткен, бірі “балам жазып жатыр” деп ойлап, ақша аударып жіберген. Қазір қоғамда осындай оқиғалар жиілеп кеткені жасырын емес. Міне сондықтан да "салқындату кезеңі" секілді сақтық шаралары енгізілуде.Қаржы алаяқтарының негізгі нысанасы зейнеткерлер мен цифрлық сауаты төмен азаматтар. Олар әдетте банк қосымшасын қолдануда қиналып, алаяқтарға оңай алданады.

БЛИЦ:

- Спам деп бір қызыл шығады мен оған жауап бермеймін. Мен сразу сөндіріп тастаймын.

- Алаяқтар менің әкемнің ватсабына кіріп, достарына, туыстарына ақша сұрап жазған. Әрқайсысынан 400 мың теңге сұрады. Тіпті аудио жіберді

- Менің әріптесімнің басында болды. Приложениесі істемей қалып, сосын қайта кіргенде автомотический блокка түсіп қалған. Барса банкке, ақшасының бәрін шешіп алған.

Мұндай жағдайлардың жиіленуінен қазір жаңа жүйе қолға алынды. Яғни несиеге 1 миллион теңгеден көп беретін болса,  24 сағат тексеріледі. Ал 600 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейінгі қарыздарға – 8 сағаттық кідіріс қойылады. Бұрын мұндай несиелер банктің мобильді қосымшасы арқылы небәрі бірнеше минутта рәсімделетін.

МАДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір банктерде 500 мыңға жуық адамда проблемалы несиесі бар. Ал 350 мыңға тарта адамда микроқаржы ұйымдарында проблемалы несиесі анықталды. Осы қабылданған жаңа шешімнің арқасында халықтың несиеге қатысты мәселесі азаяды деген сенімдеміз.

Қаржы сарапшысы бұл шешімді 100 пайызға қолдаймын дейді. Жаңа талап банктерге де қосымша жауапкершілік жүктейді.

АЙБАР ОЛЖАЙ, ЭКОНОМИСТ:

Бұл өте тиімді әдіс, себебі социалды инженерия жанағы асықтырып, белгілі бір психоэмоцияналды әдістер қолданып, гипнозға енгізгендей адамды нетеді.  Суыту әдісі 1 тәулікке болсын тоқтату, бір адамның ойлануына, туысқанына хабарласуына мүмкіндік береді. Көп алаяқтардың аяғына тұсау салады.

Қысқасы, «салқындату кезеңі» уақыт алғанымен, өзіңізді де, қаражатыңызды да қорғаудың бір жолы болмақ.