Қазақстандықтардың жартысынан көбі автокөлікті несиеге рәсімдеген. Қарызға алынған көліктердің үлесі 60 процентке жетіп отыр. Сарапшылар бұл қарқын белең алса, алдағы уақытта несиені уақытында төлеу мәселесі қиындайтынын айтады.
Көшеде зулаған жаңа көліктер жағдайдың жақсарғандығын емес, қарызға байланғанның белгісі болса керек. Өйткені халық көлігін жаппай несиеге алып жатыр. Былтырдан қарағанда өтініш бергендер саны 53 пайызға артқан. Сарапшылар мұны автосалондардың белсенді жарнамасы, жеңілдікпен ұсынылған бағдарламалар және рәсімдеу процессінің оңтайланғандығымен байланыстырады.
АЛМАТ ОРАҚБАЙ, ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:
Қазіргі таңда орташа мөлшермен 15,8 пайызды құрайды. Былтыр 19,7 пайызды құраған болатын. Онымен қатар ай сайынғы төлем едәуір азайған болатын. Қазіргі таңда 110 мың теңгені құрайды.
Ал, халық пайыздық үстемақы тым жоғары екендігін айтады. Сонда да қажеттілік үшін он жылдап қарызға кіруге мәжбүр.
БЛИЦ:
- Үстемақысы өте жоғары, амал жоқ, көлік керек.
- 150 мың.- Салмақ емес пе қалтаңызға?- жұмыс істесең төлеуге болады. Негізі қиындау.
- 5 млн-ға алған машинаны 6,5 млн қылып қайтарса, онда халыққа тиімді. Ал, 5 млн-ға алған машинаны 12 миллион қылып қайтарасың. Сол ғана тиімсіз.
Экономистер көлікті несиеге рәсімдемес бұрын қалтаға қарай көсілуге кеңес береді. Пайдасынан шығыны көп болса, қымбат көлік алу бекершілік,-дейді.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
Телевизор, мұздатқыш, сияқты нәрселерден айырмашылығы автомобильдің несие алып, көлікте бизнес жасап, жолаушылар тасып ақша тапсаң болады, мәселе осыда.
АЙЖАН ИМАНҒАЛИЕВА, ТІЛШІ:
Жалпы, жарты жылда банктер 1,2 триллион теңгеге несие рәсімдепті. Былтырдан қарағанда едәуір көп. Осылайша, жалпы несие портфеліндегі автонесиенің үлесі 15 пайызға көтерілді.