$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Азық-түлік өндірісі қарқын алды

Азық-түлік өндірісі қарқын алды

Президенттің 2024 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше мән берілді.   Биылғы жеті айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті.  

Азық-түлік өндірісі де қарқын алып келеді. Саладағы жалпы өсім 9 пайыздан асты.  Бұл халықтың күнделікті тұтынатын тағамдарының көбі елімізде жеткілікті деңгейде өндіріліп жатқанын көрсетеді.

Инвестиция көлемі де соңғы жылдары айтарлықтай ұлғайды. Мысалы, 2014 жылы көктемгі егіске небәрі 70 миллиард теңге бөлінсе, биыл бұл сома 700 миллиардқа жетті. Алдағы жылдары көлемін 1 триллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 

Мал шаруашылығында да оң көрсеткіштер бар.  Экспорт та артып келеді: сиыр еті шетелге былтырғыдан 2,5 есе көп, қой еті 2,6 есе көп жөнелтілді. Тіпті биыл алғаш рет шошқа еті де сыртқа экспортталды.