$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Қарағандыда Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық- индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ

03.09.2025ж. 19:00
Қарағандыда Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық- индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ

Қарағанды облысында Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық- индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ. Жаңа орталық мемлекет, бизнес және ғылыми қауымдастықтың күшін біріктіре отырып ғылымды дамытуды көздейді. «Картех» Қарағандыдағы жетекші университеттердің бірінің базасында орналастырылады деп жоспарланған. Мұнда заманауи материалдық-техникалық база мен білікті мамандар шоғырландырылып, қазір конкурс арқылы іріктеу жүріп жатыр. Жоба аясында тау-кен және металлургия өнеркәсібі, көмірхимия және жаңа материалдар, Индустрия 4.0, автоматтандыру, экология және қалдықтарды басқару бағыттары бойынша кластерлер құру жоспарланып отыр.Алғашқы кезеңде қаржыландыруды жергілікті бюджет қамтамасыз етеді. Кейін хаб өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйеге көшіп, өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестіктің есебінен табыс табатын болады.

АСҚАР ГАЗАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жобаның негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды қысқа мерзімде кәсіпорындарға арналған дайын технологиялық шешімдерге айналдыратын тиімді жүйе құру. Ғылыми зерттеулер жүргізу мен олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге толыққанды жағдай жасалмақ.