$540.18 €628.93 ₽6.68
×

«Зауыт біздің отбасымыздың ажырамас бөлігіне айналды»,- мұнайшы

«Зауыт  біздің отбасымыздың ажырамас бөлігіне айналды»,- мұнайшы

Елімізде қыркүйектің бірінші жексенбісі мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мамандығына берілген жандар өндірісті саналы түрде таңдайды және өмір бойы сол таңдауынан танбайды. Сондай азаматтардың бірі - Марат Әбдраимұлы. Ол осы салада табан аудармастан 37 жыл еңбек етіп келеді.  Алдымен тауар операторы, кейін 2021 жылдан бері инженер-технолог қызметін атқарып жүр.Сол Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүріп, жарын жолықтырып, отбасын құрған. Бүгінде зауытта жұбайы мен екі ұлы да еңбек етеді. «Зауыт — біздің отбасымыздың ажырамас бөлігіне айналды», - дейді ол. 

МАРАТ БАЛДАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГЫ:

Адам сол жұмысты жақсы көрсе, көңілмен ұнатып келсе кез-келген қиындықты жеңуге болады. Алдағыны кім болжаған дейсіз енді. Енді өмірдің өзі көрсетті. Жанұқялық династия деп жатыр бізді жаңа жұмыста да. Немерелерім арықарай жалғастыратын шығар деген үміттемін.