$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Қазақ әдебиетінің классиктері дәріс оқиды

AstanaTV
03.09.2025ж. 19:00
Қазақ әдебиетінің классиктері дәріс оқиды

Астанада "Классик ұстаханасы" жобасы басталды. Жоба аясында қазақтың дарынды қаламгерлері дәріс оқып, өздерінің шығармашылық жолымен кеңінен бөлісетін болады. Бұл шара әдеби-лекция форматында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін талай ақын-жазушылармен шағын сұхбаттар, жиынға қатысқан қысқаша үзінділер шыққанымен, таза әдеби-дәріс жазылған жоқ дейді ұйымдастырушылар. Алғашқы қонақ ретінде дәріс оқып бастаған Төлен Әбдік бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, алғаш қалам ұстаған күндерін еске алды. Қазақтың классик жазушысы "Жазушы лабораториясы" тақырыбын таңдады.

БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұған дейін талай дарынды қаламгерлеріміз өтті, кешегі Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Қабдеш Жұмаділов сияқты небір мықты қаламгерлеріміз өтті, бірақ өкінішке қарай әдеби лекциясын жазып алатын ешкім болған жоқ.