$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Астанада SIM-карталарды заңсыз пайдалану фактілері анықталды

Астанада SIM-карталарды заңсыз пайдалану фактілері анықталды

Полицейлер SIM-карталарды заңсыз пайдалану сызбасын анықтады. Белгілі болғандай, жас жігіт SIM-карталарды өз атына рәсімдеп, кейін оларға қолжетімділікті интернет-платформалар арқылы сатып отырған. Кейіннен бұл SIM-карталар алаяқтардың қолына түсіп, түрлі заңсыз әрекеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылған. Полиция қызметкерлері екі мобильді телефонды тәркіледі. Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізілуде. Барлық мән-жайлар мен ықтимал қатысушылар анықталуда. Құқық қорғау органдары өзіңіздің жеке деректеріңіз бен құжаттарыңызды бөгде адамдарға ешқашан бермеу қажеттігін ескертеді. SIM-карталарды тек өз атыңызға рәсімдеп, оларды жеке мақсатта ғана қолданыңыз. Қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныстарға,әсіресе анонимді мессенджерлер арқылы келетіндеріне, сақтықпен қараңыз. Аккаунттарыңыз бен жеке мәліметтеріңізді қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны және басқа да заманауи цифрлық қауіпсіздік әдістерін қолданыңыз.