Қаржы министрлігі Ұлттық қордың 9 айдағы жай-күйі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Astana TV.
2025 жылдың басында Ұлттық қорда 34 трлн 730 млрд 106 млн 884 мың теңге ақша болған. Ал 1 қыркүйекте бұл сома 36 трлн 105млрд 858 млн 875,8 мың теңгеге жетіп отыр.
Айта кету керек, 9 айда Ұлттық қорға барлығы 5 трлн 238 млрд 786 млн 755,5 мың теңге кіріс түскен. Оның ішінде 2 трлн 480 млрд 802 млн 213 мың теңгесі – қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс.
Осы 5,2 трлн теңгенің 3 трлн 863 млрд 34 млн 763,7 мың теңгесі жұмсалған. Оның ішінде кепілдік берілген трансферттерге 2 трлн теңге, мақсатты трансферттерге 1 трлн 830 млрд теңге, қорды басқару мен сыртқы аудит шығындарына 33 млрд 34 млн 763,7 мың теңге бағытталған.