Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Astana TV.
Қайрат Перизат қор есепшотына түскен қаражатты өзі ғана игерген. Қор қаражатын талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталған жоқ.
- Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Тиісті аппеляциялық шағым түскен кезде ол жайында білесіздер. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі, - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.