$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

AstanaTV
04.09.2025ж. 13:42
Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Фото: gov.kz

6-11 қыркүйек күндері Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды Astana TV.

Турнирге Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия ұлттық құрамалары қатысады. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан алғашқы екі команда А тобына жолдама алса, соңғы орынға ие болған команда С тобына түседі. Бұдан бөлек, Астанада Милано-Кортина 2026 XIV қысқы Паралимпия ойындарының іріктеу турниріне екі жолдама беріледі. Бұл жарыс 2025 жылдың 5-10 қарашасында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді. Паралимпиадаға тікелей жолдама алатын құрамалар сол турнирде анықталады.