Теміртау қаласындағы Республика даңғылында «УАЗ 31512» автокөлігі мен трамвайдың қатысуымен жол апаты болды,деп хабарлайды Astana TV "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, көлік құралдарына механикалық зақым келді», – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.