«Қайрат» – «Реал» арасындағы көптен күткен ойынға билеттер сатылымы матчқа тура 10 күн қалғанда басталады, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
“Қолымызда бар ақпаратқа сәйкес, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады”, – деді Жарасбаев.
Серік Жарасбаев жанкүйерлерді расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырып, билеттерді тек «Қайрат» клубының ресми сайтынан немесе әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан алуға болатынын ескертті.