Мониторинг барысында 108 мыңнан астам алушының тұрақты тіркеуі жоқ, ал 28 мыңнан астамының тек уақытша тіркеуі бар екені анықталған, деп хабарлайды Astana TV.
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, егер мемлекеттік деректер базасында тұрақты тұру жөнінде мәлімет расталмаса, төлемдер уақытша тоқтатылады. Бұл мәселе қазір Конституциялық соттың қарауында.
Сонымен қатар министрлік толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі азаматтарға төлем тәртібін өзгертуді ұсынады. Бұл санатқа қарттар үйінде, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандар кіреді.
Қазіргі тәртіп бойынша төлемдер толық көлемде мекемелердің есепшотына аударылады. Бірақ бірнеше рет қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны анықталған. Сол себепті министрлік болашақта төлемдердің 70%-ын мекемелерге, ал 30%-ын тікелей алушылардың жеке қажеттіліктеріне бағыттауды ұсынып отыр.
Ведомствоның ақпаратынша, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын ұстауға жергілікті бюджеттен жыл сайын 92 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Ал мекемелерден тыс тұратын зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылар азық-түлік, коммуналдық қызмет пен көлік шығындарын өз қалтасынан төлейді.