$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Оралда қоқыстан табылған сәбидің анасы табылмай жатыр

04.09.2025ж. 19:00
Оралда қоқыстан табылған сәбидің анасы табылмай жатыр

Оралдық тәртіп сақшылары сәбиін туа сала қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйелді  іздестіріп жатыр. Күдіктінің кім екенін анықтау үшін емдеу мекемелерінде тіркелгендер, тіпті басқа қалаға көшіп кеткен қыз-келіншектер де тексерілген. Полиция осы аумақтағы үйлер мен бейнебақылау камераларын түгел қарап шығыпты. Бірақ жаңа туған сәбиін көзі қиып, қоқысқа тастаған көкек ана  әлі табылмады.  

АЛИМА ГАРИФУЛЛИНА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Қазіргі уақытта баланың анасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдарына қатысты қандай да бір көмек беретін ақпарат болса, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.