Әлемде қаржыландыру жүйесі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Қазірдің өзінде цифрлық ақша, "ақылды келісім-шарттарға" кейбір елдер бет бұруда. Астанада өтіп жатқан "ASTANA FINANCE DAYS 2025" форумында сарапшылары осылай дейді. Ауқымды шара биыл сегізінші рет өтіп жатыр.
"Экономикалық өсім, жаңа технологияларды дамытуда капиталды тиімді пайдалану". Әлемдік инвесторлар, инноваторлар мен кәсіпкерлердің басын қосқан форумда негізгі тақырып -осы.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай ел экономикасының өсімін екі есе ұлғайтуды тапсырды. Ол үшін алдымызда 150 млрд доллар инвестиция тарту міндеті тұр. Бұл ретте "ASTANA FINANCE DAYS " таптырмас платформаға айналып отыр.
Әйгілі футуролог, түрлі бестселлерлердің авторы Бретт Кинг қаржы индустриясындағы жаңашылдықтарды тізбектеп берді. Сарапшының сөзінше келешекте банкинг, қаржыландыру жүйесі жаңа форматқа өтеді.
БРЕТТ КИНГ, ФУТУРОЛОГ:
Көп ұзамай, жасанды интеллект қаржылық қызмет көрсету ландшафтын түбегейлі өзгертеді. Автоматтандыру тізбегі қазірден белең алуда. Біз дәстүрлі қаржыландырудан алшақтап барамыз. Мәселен, 60-шы жылдары төлем жүйесі мүлдем басқа еді, ал қазір кейбір елдер қағаз ақшадан бас тартып жатыр.
Қазақстан шетелдік инвесторларды көптеп тарту үшін әлемдік сауда альянстарымен қарым-қатынасты арттыра түспек.
АЙЖАН ИМАНҒАЛИЕВА, ТІЛШІ:
Бүгінде Астана халықаралық қаржы орталығына 85 мемлекеттен жиналған 4 мыңнан аса компания тіркелді. Бұл компаниялар активтерді басқарудан жасыл экономикаға дейінгі әр түрлі салаларды қамтиды. Осылайша, инвесторлардың Қазақстан экономикасына пайдасы 17 миллирд доллардан асып отыр.
Форум ертең де жалғасады. Ауқымды шара аясында әр түрлі салада меморандумдарға қол қойылмақ.