$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Қазақстанда экономикалық даму тұрақты

Қазақстанда экономикалық даму тұрақты

Доллар бағамы өзгерісіне қатысты алаңдауға негіз жоқ. Үкімет тиісті шараларды қолданып жатыр дейді сарапшылар. Елімізде сыртқы сауда теңгерімі, төлем балансы, ішкі инвестициялық мүмкіндіктер мен экономиканың дамуы тұрғысынан бәрі тұрақты. 

Экономикалық сарапшы  Бауыржан Ысқақтың айтуынша, доллар бағамына  Ақ үйдегі тұрақсыздық әсер етіп тұр.  Бұл орайда мемлекет   қарап отырған жоқ. Барлық амалды қолданып жатқанын айтады. Сондықтан  дүрлігу орынсыз дейді.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Көбінесе сол мынау арадағы делдалдардың жасап жатқан құйтырғы әрекеттері арқылы халық көбінесе солардың сөзіне еріп қалады. Отандық тауарлардың үлесін арттыру арқылы азайту және де біздің транзитті мемлекет екендігімізді осының өзін жақсы мүмкіндік ретінде яғни осындай экономикаға ішкі ресурстардың қаражатын көп құйған сайын біздің теңгеміздің де құны жоғарылайды. Инфляцияны да біз азайтуға мүмкіндік аламыз.

Ұлттық Банк теңге бағамының тұрақсыздығы қысқамерзімді нарыққа қатысушылардың күтуіне, тоқсан сайынғы салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси өзгерістерге байланысты екенін айтты.

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Ұлттық Банк тамыз айында валюталық интервенция жүргізген жоқ. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады.

Айта кетейік, өткен аптада Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарып, оны 16,5% деңгейінде қалдырды. Бірақ елдегі макроэкономикалық жағдай өзгермей, инфляция қарқыны күшейіп жатса, оны көтереміз деп ескертті. Себебі, елдегі базалық мөлшерлеменің деңгейі қатарынан төртінші рет өзгеріссіз қалып отыр.