$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Атырауда үлескерлер 5 жылдан бері уәделі баспанасын ала алмай жүр

Атырауда үлескерлер 5 жылдан бері уәделі баспанасын ала алмай жүр

Атырауда  5 жыл бұрын келісім-шарт жасасып, миллиондарын салған тұрғындар уәделі баспанасын әлі ала алмай жүр. Үйді тұрғызуға уәде еткен компания басшылары сотталып кеткен.  

“Сарайшық” тұрғын үй кешенінің  80-нан астам салымшысының барар жері, басар тауы қалмаған.  2019 жылы басталған құрылыс жұмыстары орта жолда себепсіз тоқтап қалды. Үйдің қаңқасы да бітпеген күйі тұр.  Ақшаны қалтаға басқан компания басшысы сотталып кетті. Жуырда тұрғындар  өздері тұрғын үй құрылыс корпорациясын құрып, техникалық зерттеу жүргізген. Сараптама ғимараттың апатты екенін анықтап, салымшылардың салы суға кетті.

НҰРБОЛАТ ШОҚПАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Техоблседование 3 ай жүріп, сол үйді апатты деп заключениесі солай болып тұр. Ені ол үй салуға да болмайды, жалғастырымайды. 

5 миллионнан бастап, 45 миллион теңгеге дейін салғандар бар. 80нен астам салымшы жалпы сомасы - 1 миллиард теңгесін өз қолымен берген.  Үлескерлердің көпшілігі - жастар. Бар жиған-тергеніне баспана аламыз деп, әлі күнге кісі есігінде жүр. Үлескерлер құрылыс материалдары ұрлана бастаған соң   екі жылдан бері өз қаражаттарына күзетші ұстап, жарықтық да ақшасын төлеп отыр.

ЖОЛАМАН КУХАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 25 Млн банкке бердік.   2 жылдан кейін 2 млн алды. Пандемия деп стройка тұрып қалды.  

Үлескерлерді облыс әкімі қабылдады. 

СЕРІК ШӘПКЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Комиссия құрыңдар, сараптама кіргізіңдер, жақсы технадзордан біреуді кіргізіңдер, және өзің 2-3 адаммен комиссия отырып, жоспар жасаңдап, бірінші мынау, екінші мынау,  сонымен қозғаламыз.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бір миллиард теңгеге жуық қаржы жиналса да бітпей тұрған үй - осы. "Сарайшық” кооперативі  бұдан бөлек үш үйді аяқтамай қойған. Сотталып кеткен қос басшысының бірі  бұрын да Ақтау қаласындай осындай құрылыс дауымен жазаға тартылғанын үлескерлер кейін білген.