$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2410
Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығады. Қапшағай қалалық соты адвокаттардың өтінішін қарап, осындай шешім қабылдаған. Қорғаушылар қамауда отырған Матаевтың тәртібі жақсы болғанын, жасының 63-те екенін ескеріп, жеңілдік жасауды сұраған. Оның үстіне денсаулығы да аса жақсы емес, күтімді қажет етеді деп жазған. Прокурорлар бұл өтінішті негізсіз деп табуды ұсынған. Алайда сот Матаевты бостандыққа шығару жөнінде қаулы етті, шешім 15 тәуліктен соң заңды күшіне енеді.

Мадина Бакиева, С.Матаевтың адвокаты:

Денсаулық жағдайына және жасына байланысты бүгін дәрігерлер оған стационарлық ем қажет екенін айтты. Ал түрмеде қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмек жоқ. Енді прокурорлар тарапынан шағым болмаса, ол 15 тәулік ішінде түзеу мекемесінен босатылады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ