Шығыс Қазақстан облысы мен Қобда аймағы арасында бауырластық қатынас орнайды. Бұл туралы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы төрағасының Қазақстанға ресми сапары аясында келісілді. Мәртебелі мейманды қарсы алған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Моңғолия әрқашан Қазақстан үшін Азиядағы маңызды әріптес екенін атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар Парламент Мәжілісі мен Ұлы Мемлекеттік Хурал арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, тараптар өз құзыреттері аясында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени, гуманитарлық, басқа да салаларда, сондай-ақ экономиканы цифрландыру, инновацияларды дамыту мен енгізу ісінде Қазақстан Республикасы мен Моңғолия ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға жәрдемдесуге міндеттелді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Екі елдің арасындағы қарым-қатынас бүгінде қарқынды даму үстінде. Былтырғы біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың моңғолияға ресми сапары өте нәтижелі болды. Екі жақты байланысымызды стратегиялық серіктестікке дейін көтеруге қол жеткіздік. Жалпы біз парламенттеріміхз арасында да ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Парламенттеріміз арасындағы ынтымақстастық туралы мемарандум ол әріптестігімізді жаңа белеске көтереді деп мен сенемін.