Қазақстандағы интернет пен байланыс қарқынды дамып келеді. Бүгінде халықтың 93 пайызы интернет қолданады, ұялы байланыс қамтуы - 98 процент, ал ауыл мен қаладағы 71 пайыз елді мекен талшықты-оптикалық желі арқылы қосылған.
Қазақстан цифрландыру бойынша 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Онлайн қызметтер индексінде әлемнің ТОП-10 еліне кіреді. Ал телекоммуникациялық инфрақұрылым индексінде еліміз 41-орынға көтерілді. Еліміздегі IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асты. Astana Hub резиденттерінің жиынтық табысы - 1,2 триллион теңге. Ал IT қызметтерінің экспорттық кірісі 140 миллиард теңгеден асқан.
ЖАСҰЛАН МӘДИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:
Қазіргі уақытта Астана хаб еліміздің 20 аймағында, сондай-ақ шетелде Сауд арабиясында, АҚШ-та, Ұлы британияда, Дубайда ІТ хабтарға ие. Жуырда Қытайда ІТ хаб аштық. 2024-2025 жылы жасанды интелекті дамытуда маңызды бастамалардың жылы болды. 2029 жылға дейінгі Тұжырымдама бекітілді.