Қызылордалық дихандар күрішке орақ салды. Биыл Жол картасында бекітілген кестеге сәйкес 80,9 мың гектар жерге сыр маржаны егілген. Шаруалар биылғы вегетациялық кезеңнің күрделі жағдайда өткенін айтады. Соған сай егіс алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін барлығы 360-қа жуық сорғы станциясы орнатылған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде егіншілердің жаздайғы төккен тер, еткен еңбегі еш кетпеді. Қазіргі таңда 4 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникасы қырман басында қызу жұмыс істеуде. Қажетті дизель отыны да кестеге сай беріліп жатыр дейді жауаптылар.
ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жыл сайын біз 50 центнердің үстінде өнім жинаймыз гектарына күріш бойынша. Сол деңгейде жинаймыз деген үмітіміз, жоспарымыз бар. Су тапшылығы өз әсерін көрсетеді. Дегенменде 500 мың тоннаға жуық өнім жинаймыз деген болжамымыз бар. Қазан айының 10-15теріне аяқтаймыз деген межеміз бар.