$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Фэнтези жанрындағы алғаш отандық кино көрерменге жол тартты

Фэнтези жанрындағы алғаш отандық кино көрерменге жол тартты

Фэнтези жанрының екі бірдей қыры қамтылған тұңғыш қазақ фильмі көрерменге жол тартты.  "Қайтадан" деп аталатын отандық туынды кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Алдын ала көрсетілімде өнер сүйер қауым жиналып, алған әсерін  сөзбен айтып жеткізе алмай жатыр. Қазақ киносының жаңа бетін ашқан туындыны біздің әріптестеріміз де көрді. 

Табиғи апат туралы киномен көрерменді таңқалдыру қиын. Бас кейіпкерді әбігерге салатын уақыт қозғалысы жайлы туындылар да әлемде аз. Бірақ, осы екі жанрды үйлестіре білген алғашқы фэнтези отандық кинотетрларға жол тартты. Оның үстіне, бұл -жас режиссер Думан Еркімбектің тырнақалды туындысы.

ДУМАН ЕРКІМБЕК, РЕЖИССЕР:

Премьерада халық қалай қарсы алады екен деген ой маған күш берді. Сондықтан, осылай жұмыс істеуге тұрарлық деп есептедім.

Фильм продюсері Жалын Тілеубергеннің  айтуынша, отандық кино   қазақ көрермендерінің қолдауына лайық. 

ЖАЛЫН ТІЛЕУБЕРГЕН, ПРОДЮСЕР:

Бұл фильм миллиард жинамаса да ризамын. Тек қана осы киноны көрермен бағалап кетсе екен деген ой бар. Қазақ тарихында тұңғыш рет жаңа жанрдың пайда болғанын көрсе екен деген ниетіміз бар.

Фильмнің жабық көрсетіліміне қатысқандар риза.  Жас көрермен таңданысын жасырмады.

РАҚЫМЖАН ОРАЗҒАЛИ, КӨРЕРМЕН:

Ең бастысы отбасылық құндылықтарды осы фильм жақсы көрсетті. Комедия да бар, оның қатарында экшн де бар.

Жалпы, отандық фильмдер шет мемлекеттерде де жоғары бағалануда. Соңғы 5 жылда 100 астам халықаралық жүлдеге ие болған.

ҚҰРМАНБЕК ЖҰМАҒАЛИ, ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Жыл басынан бері 10 толықметражды фильм жарыққа шықты Қлттық киноны қолдау орталығының көмегімен. Қазір өндірісте 15 жоба болса, биылғы конкурста 17 жоба жеңіске жетті.

Бұл туынды -фэнтези жанрында түсірілгендіктен, отандық киноның мойнына артылған ең ауыр жүктің бірі.  "Қайтадан" деп аталатын бұл киноның түсірілім тобы шетелдік кинофестивальдерде бақ сынамақ.