$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Шымкентте «AMANAT» партиясы кезекті «Таза бейсенбі» акциясын өткізді

Шымкентте «AMANAT» партиясы кезекті «Таза бейсенбі» акциясын өткізді

Шымкентте «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Бұл жолғы сенбілікке 40-тан астам адам атсалысты. Жыл басынан бері қалада дәл осындай 34 экологиялық акция ұйымдастырылып, 2500-ден астам адам қатысқан. Нәтижесінде қала аумағынан 29 тонна қоқыс шығарылып, 200-ден аса көшет егілді.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерге бізде, Аманат партия белсенділері, партия филиалының қызметкерлері, қала белсенділері, Жастар Рухы жастар қанаты,  барлығы осы біздің қаламызды тазартуға ат салысып жатыр.  Шымкент қаласының тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырамыз.