$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сот отырысында «Бәйтерек Девелопменттің» экс-менеджері кінәсін мойындады

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2689
Сот отырысында «Бәйтерек Девелопменттің» экс-менеджері кінәсін мойындады

Бишімбаев ісіне қатысты бүгінгі сот отырысында «Бәйтерек Девелопменттің» экс-менеджері кінәсін мойындады. Бірақ параны делдал ретінде кімге, қашан табыстағанын есіне түсіре алмады. Тергеу мәліметіне сәйкес, акционерлік қоғамның бұрынғы қызметкері Акрамов параның көлемі мен оның берілу әдісі туралы келісім жүргізіп отырған. Мұнан кейін  ақшаны туысы әрі бұрынғы бастығы Анарбаевқа жеткізген. Одан әрі ірі көлемдегі пара Бишімбаев пен Жақсыбаевтарға кетіп отырған. Ақшаның тиісті адамдарға арнайы жәшіктер мен хатқалталар арқылы жеткізілгені белгілі болды. Азиз Акрамов кінәсін мойындағынымен, нақты кімге, қашан делдалдық жасағанын ұмытып отыр. 

Сотта «Бәйтерек Дволопменттің» тағы бір экс-менеджері Сәдуақас Сапарымбетов тергелді. Ол да кінәсін мойындады. Бишімбаев үшін Астана маңындағы Қосшы елді мекенінде салынған зәулім үйдің құрылысын тікелей қадағалап отырғанын жайып салды. Атышулы істі қарау ертең де жалғасады.