$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

04.09.2025ж. 18:04
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.