$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Тұрғындар Астанада жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға атсалысты

04.09.2025ж. 18:19
Тұрғындар Астанада жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға атсалысты

Елордада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 10 жаңа инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды Astana TV.

Оларды абаттандыруға «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан ұйымдастырған Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафонына қатысқан үш мыңға жуық астаналық пен өңір тұрғындары мүмкіндік жасады. Қатысушылар мен компаниялардан жиналған қаражат көлемі 208 млн теңгені құрады.

Бұл қаражат кабинеттерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалды: логопедке, психологқа, дефектологқа арналған арнайы аймақтар, швед қабырғалары, сенсорлық кокондар, оңалтуға арналған жаттығу құрылғылары, сондай-ақ қыш шеберханаларын қоса алғанда шығармашылық аймақтар орнатылды. Енді мыңнан астам елордалық бала мамандардың қолдауын тікелей өз мектептерінде– сыныптастарымен бірге ала алады. Инклюзивтісыныптардың тұжырымдамасы «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен инклюзия саласының сарапшылары бірлесіпжетілдірген.

Айта кетейік, өткен жылғы қайырымдылық марафонына 1200 адам қатысып, 126,7 млн теңгежиналған болатын. Сол қаражат есебінен
5 инклюзия кабинеті ашылды.

Бүгінде елордада 21 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Онда 1054 бала білім алуда. Бұл Астанадағы ерекше қажеттілігі бар оқушылардыңшамамен 40%-ын инклюзивті біліммен қамтуға мүмкіндік берді.