$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

04.09.2025ж. 21:35
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
Фото: Ақорда

Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.