$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Ел аймағында үсік жүріп, жаңбыр жауады

AstanaTV
05.09.2025ж. 08:27
Ел аймағында үсік жүріп, жаңбыр жауады
Фото: gov.kz

2025 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның батысы мен солтүстігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Astana TV.

— Елдің батысында кей жерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және дауыл болуы мүмкін. Орталық, оңтүстік және шығыс өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі мүмкін, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі.

Алматы, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қостанай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау және Жетісу облыстарының шығысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысында, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.