$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Қызылордада  есірткі өсірген 5 фитозертхана анықталды

Қызылордада  есірткі өсірген 5 фитозертхана анықталды

 Қызылордада  биыл 8 айда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу нәтижесінде 210 құқықбұзушылық анықталды.

Облыстық полиция департаменті ақпаратынша, заңсыз айналымнан 1 тонна 315 келі есірткі алынды. 

— Аймақта есірткінің басқа түрлеріне қарағанда марихуана көбірек өтімді болып тұр. Сондай-ақ синтетикалық есірткі заңсыз айналымға енгелі героинді айналымнан ығыстырды. Оның интернет және әлеуметтік желілер арқылы таралуы ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға кері әсерін тигізіп отыр, — деді департаменттің басқарма бастығы Біржан Бағысов.

Сондай-ақ үй жағдайында сора өсірген 5 фитозертхана анықталды. Маусым айында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары құрықталды.