Павлодарда мас адам жолды кесіп өтемін деп көлік астына түсті. Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргінші мас күйінде жүріп, жолдың белгіленбеген жерінен өткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.